«Қабылбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференция
ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында онлайн режимінде шетелдік қонақтардың қатысуымен жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттардың «Қабылбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференция барысында ІІО дамуының өзекті мәселелері қаралды. Конференция қатысушыларына Академия бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция генерал-майоры Ақынқали Дәуітбайұлы Дәрменов құттықтау сөз сөйлеп, ғылыми талқылаудың жемісті болуын тіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Аманжолұлы Әбіл және Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан жоғары оқу орындарының өкілдері құттықтады. Ең өзекті және үздік баяндамалар грамоталар және дипломдармен марапатталды.

