Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Адал еңбекке – лайықты марапат!

Адал еңбекке – лайықты марапат!

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Қостанайда ҚХА-ның 30 жылдығына орай Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Оған облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, облыстық ассамблея мен оның бөлімшелерінің өңірдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша этносаралық диалогты дамытуға үлкен үлес қосқан  белсенді қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған мерейтойлық медальдармен марапатталды. Марапатталғандардың қатарында біздің әріптесіміз, ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының доценті, облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары, полиция подполковнигі Туйганов Мырзабек Сардарбекұлы да бар. Сізді лайықты марапатыңызбен құттықтаймыз және қоғамымызда бейбітшілік пен келісім үшін одан әрі жұмыста  табыс тілейміз!

c196bebdb2e3cea296761258b4676af7599ff153.jpg898c195c2f2a8642508396d78de030c845302594.jpg
2025 ж. 15 сәу., 18:00:00