Академия қызметкерлері семинар-тренинг өткізді
Академия қызметкерлері семинар-тренинг өткізді
2025 ж. 25 сәу., 17:00:00
ІІМ Қостанай академиясында психолог мамандарды даярлау және әлеуметтік зерттеулер жүргізу орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының әскери психологтары үшін семинар-тренинг өткізді. Тренинг барысында практикалық дағдыларды дамытуға және діни радикализм, клиникалық психология, психологиялық коррекция жұмыстарын заманауи технологиялармен қолдануға байланысты мәселелерді терең зерттеуге баса назар аудартылды.
