Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы
ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
Қостанай Академиясы бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қостанай Академиясы кадр жұмысы бөліміне үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) Оқу орындарының басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін(ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
Қостанай Академия номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- Академия бастығының орынбасары C-SVU-2 санаты;
- факультет бастығы C-SVU-5 санаты;
- кафедра бастығы,Ғылыми хатшыС-SVU-6 санаты;
- бөлім, қызмет, орталық бастығының орынбасары C-SVU-7 санаты;
- кафедра бастығының орынбасары C-SVU-7 санаты;
- курс бастығы C-SVU-7 санаты;
- Оқу орны кезекші бөлімінің бастығы C-SVU-8 санаты;
- Бөлімше, лагерь бастығы C-SVU-8 санаты.
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев Қостанай академиясының кадр жұмысы бөліміне хабарласуға болады, анықтама телефондары 8(7142)39-02-65,1034, 1-49, 1-70, электрондық мекенжайлар raimbek@qpa.edu.kz, zhumaldina@qpa.edu.kz.
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының
кадр жұмысы бөлімі