ІІМ Қостанай академиясында Халықаралық Нельсон Мандела күніне және БҰҰ аттас ережелерінің қабылданғанына 10 жыл толуына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті. Бұл стандарттар бүкіл әлемде сотталғандарға адамгершілікпен қарауды қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау мәселелерінде негіз болып табылады. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД, сондай-ақ Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының және Қырғыз Республикасының жетекші оқу орындарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел аясында жазаларды орындауды ізгілендіру перспективалары талқыланды, пікір алмасты, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдар әзірленді
