Жыл сайынғы Түлектер форум
ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында жылсайынғы Түлектер форумы өтті. Іс-шара Академияны әр жылдары бітірген және құқық қорғау жүйесінің әртүрлі бөлімшелерінде жұмыс істейтін офицерлерді қалыптасқан дәстүрмен шілде айының соңғы сембісінде біріктірді. Форумға қатысушыларға Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов құттықтау сөз сөйледі. Ол түлектер мен альма-матер арасындағы байланысты сақтаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ түлектердің елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті. Бір минут үнсіздікпен қызметте қаза тапқан қызметкерлер еске алынды. Сөз кезегінде түлектер бас қосып, курсанттық жылдарды бірге еске алу мүмкіндігі үшін Академия басшылығына алғыстарын білдірді. Форум аясында құқық қорғау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, тәжірибе алмасып, ынтымақтастық перспективалары белгіленді.

