Menu
1414 Call Center
Helpline +7 747 143 2632

«Абай – әлемдік ойдың алыбы» атты шығармашылық сағат өткізілді.

«Абай – әлемдік ойдың алыбы» атты шығармашылық сағат өткізілді.

10 тамызда қазақстандықтар дәстүрлі түрде Абай күнін атап өтуде. Ақпараттық саясат бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, ойшыл және философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған  «Абай – әлемдік ойдың алыбы» атты шығармашылық сағат өткізді. Аталған іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекентаев Жаслан Қабыкенұлы мен аталмыш мектептің кітапхана меңгерушісі Салмурзина Нұржамал Бақытжанқызы қатысты. Шығармашылық сағат барысында Абай әлеміне саяхат жасаған, Абай ілімін бойына сіңірген қонақтар алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларын қазақ поэзиясының қайнар бұлағы болған, ұлы ақынның қалдырған мұрасын дәріптеу жағынан бірнеше мәлімет берді. Құрметті қонақтар Академияға  Абайдың Қара сөздер деген кітабын сыйға тартты.  Тыңдаушылар мәнерлер өлең оқып, өздерінің ұйып тыңдайтын «Көзімнің қарасы» әнін шырқап берді.

d7d6dcc813f0d2386ee879bddade7be07c62d9ed.jpeg2f83b5be0f060434ba9dde62567c17ee494e469f.jpeg
Aug 8, 2025, 4:00:00 PM