«Бірлік – біліктілік негізі» атты тренинг өткізілді
        «Бірлік – біліктілік негізі» атты тренинг өткізілді
        
        
            
        
        
            
                
                Aug 12, 2025, 4:00:00 PM
            
            
                
                
            
        
    
ІІМ Қостанай академиясына біліктілікті арттыру курсына келген ІІО қызметкерлері арасында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің басты мақсаты – ұжым ішіндегі өзара сыйластықты қалыптастыру, сенімділік пен ынтымақтастықты нығайту, кәсіби дамуға деген ынтаны арттыру болды.Қатысушылар арнайы психологиялық жаттығулар мен командалық тапсырмаларды орындау арқылы: бір-бірін жақын тануға, өзара қолдау көрсетуге,топта тиімді жұмыс істеуге дағдыланды. Ұжымдық бірлік пен кәсіби шеберлік – табысты қызметтің кепілі!