Меню
1414 Маркази тамос
Комиссияи интихобӣ +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Телефони боварӣ +7 747 143 2632

Академияда магистратураға түсу емтихандары болып өтті

Академияда магистратураға түсу емтихандары болып өтті

ІІМ Қостанай академиясында ғылыми және педагогикалық магистратураға түсетін үміткерлер үшін бейіні бойынша түсу емтихандары өтті. Оқуға түсушілерге Академия бастығының уақытша міндетін атқарушы полиция подполковнигі Сейілхан Жолдасқалиев құттықтау сөз сөйлеп, магистратурада оқу барлығына білім мен кәсіби жетістіктер әлеміне жол ашатынын атап өтті. Бұл теориялық оқыту мен ғылыми көзқарас объективі арқылы практикалық қызметте туындайтын мәселелерді қарастырудың бірегей мүмкіндігі  болып табылады. Академияның басшылық және профессорлық-оқытушылар құрамынан тұратын емтихан комиссиясынан басқа, түсу емтихандарына Қазақстанның жетекші ғалымдары, заң ғылымдарының докторы Айдарқан Сқақов, заң ғылымдарының докторы Мейрам Аюбаев, заң ғылымдарының докторы Булатбек Шнарбаев, педагогика ғылымдарының докторы Наталья Ким қатысып, үміткерлерді  объективті бағалап, сұрақтар қойды.

e116d6e0629184f2bfd40f9a8e169c0364a4275f.jpegdc69b4d9d91a48d986ebb3ac310c18407ca22c5f.jpeg
15 Авг 2025 15:00:00