Бір апталық курстар аяқталды
Бір апталық курстар аяқталды


29-sen, 2025, 14:00:00
Қосымша білім беру факультетінде «ІІО айдауылдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыруға арналған бір апталық курстар аяқталды. Қызметкерлер сабақтар барысында қызметтік іс-әрекетті ұйымдастыру мен қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін, құқықтық реттеу мәселелерін, сондай-ақ қамаудағы адамдарды күзету мен алып жүрудің практикалық қырларын меңгерді. Мұндай курстар жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыруға, қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылық пен қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуға ықпал етеді.


