Академия ардагерін құттықтады
Академия ардагерін құттықтады


2025-ж., 1-окт. 14:00:00
Халықаралық қарттар күніне орай, ІІМ Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов оқу ордамыздың ардагері, Жәнібек Құсманұлы Байназаровқа барып, өзінің жеке ризашылығын білдірді. Бұл күні Жәнібек Құсманұлына Халықаралық қарттар күнімен қатар, мерейлі 75 жасқа толған туған күнімен де құттықтау сөздері айтылды. Отставкадағы полиция подполковнигі Жәнібек Байназаров курс бастығы лауазымында қызмет атқарған. 2001 жылдан бері зейнеткер. Академияда 15 жыл қызмет етіп, бай тәжірибесін Қостанай академиясының курсанттары мен офицерлеріне үйреткен.


