Курсанттар арасындағы интеллектуалдық ойын
Курсанттар арасындағы интеллектуалдық ойын
2025-ж., 11-окт. 16:00:00
ІІМ Қостанай академиясында әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының «Шериф» ғылыми үйірмесінің жұмысы шеңберінде 2 курс курсанттары арасында «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы» пәні бойынша зияткерлік ойын өткізілді.
Зияткерлік ойынның қорытындысы бойынша төмендегідей бөлінді:
1 орын - «Әділет» командасы, 207 взвод;
2 орын - «Әділет қырандары» командасы, 206 взвод;
3 орын - «Әділет күш» командасы, 203 взвод.
Қатысушылар грамоталармен, сондай-ақ кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы дайындаған әкімшілік қызмет бағыты бойынша оқу-практикалық әдебиеттермен марапатталды
