Екі жетілік курстар аяқталды
Екі жетілік курстар аяқталды
2025-ж., 13-окт. 16:00:00
Қостанай академиясында екі апта бойы ішкі істер органдарының қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс істеу бойынша оқудан өтті. Бағдарламаға теориялық дайындықпен қатар заманауи дрондарды қолдана отырып өткізілген практикалық сабақтар да кірді.
Курстың негізгі мақсаты – қызметтік міндеттерді орындау тиімділігін арттыру, әуе мониторингін жүргізу дағдыларын жетілдіру, оқиғаларға жедел әрекет ету және қоғамдық қауіпсіздікті заманауи технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз ету.
Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар алған білімдері мен дағдыларын сәтті көрсетіп, курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды
