Академияда ашық есік күні өтті.
        Академияда ашық есік күні өтті.
        
        
            

        
        
            
                
                09 Окт 2025 15:00:00
            
            
                
                
            
        
    
Қостанай академиясына Қостанай қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендердің түрлі мектептерінен үш жүзден астам оқушы келді.
Мектеп оқушылары мен олардың мұғалімдері Академия өмірімен танысып, курсанттардың оқу процесінің ерекшеліктерін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Олар дәрісханалар мен кітапхананы, казарманы, асхананы, атыс тирін, спорт залды, динамикалық орталықты және мұражайды аралады.
Әсіресе, болашақ полиция қызметкерлері жедел және әкімшілік дағдыларды меңгеретін оқу-жаттығу полигондары оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Танымдық экскурсия соңында Академия өкілдері қонақтардың барлық сұрақтарына жауап беріп, оқу орнына түсу ережелері мен талаптары туралы толық ақпарат ұсынды.

