Menyu
1414 Qo'ng'iroqlar markazi
Ishonch telefoni +7 747 143 2632

Қостанай академиясына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы жұмыс сапарымен келді

Қостанай академиясына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы жұмыс сапарымен келді

Қостанай академиясына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы полковник Олег Валерьевич Колесников жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында қонақтар киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының қызметімен танысты. Курсанттардың ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару бойынша оқу сабақтары көрсетіліп, дрондарды әртүрлі жедел жағдайларда қолдану мүмкіндіктері таныстырылды. ҰҰА көрмесінде әртүрлі үлгідегі дрондар мен олардың техникалық сипаттамаларымен танысу мүмкіндігі болды. Ашық алаңда жүк көтергіштігі 70 кг-ға дейінгі өнеркәсіптік дронның жұмысы да көрсетілді.

Динамикалық қауіпсіздік орталығында жауап алу әдістемелері мен Жедел басқару орталығының мүмкіндіктері көрсетілді. Сондай-ақ дене шынықтыру даярлығы және әскери тактикалық-арнайы даярлық кафедраларының өкілдерімен кездесті

f305919529f17a1be9dbec1d5288d6fc055b711b.jpeg
14-okt, 2025, 16:00:00