Қостанай академиясында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысымен кездесу өтті
Қостанай академиясында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы, Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің полковнигі Тимур Төлегенұлы Хасановпен кездесу өтті.Сөз сөйлеу барысында Тимур Төлегенұлы заңнамадағы заманауи өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып, құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерін қозғады, сондай-ақ экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестегі алдын алу тәсілдеріне ерекше назар аударды. Академия курсанттары мен қызметкерлері сұрақтар қойып, нақты жағдайларды талқылауға мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер Экономикалық тергеп-тексеру органдарының болашақ қызметкерлерінің кәсіби ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді, практикалық дағдыларды дамытады және саланың өзекті мәселелерін түсінуді тереңдетеді.
