V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті
ІІМ Қостанай академиясында психолог мамандарды даярлау және әлеуметтік зерттеулер жүргізу орталығының ұйымдастыруымен «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметін моральдық-психологиялық қамтамасыз ету: өзекті мәселелермен шешу жолдары» атты тақырыпта V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізілді. Конференция жұмысына Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Ресей Федерациясының жетекші ғалымдары, сондай-ақ ҚР ІІМ ПД, ҚАЖК өкілдері және еліміздің ЖОО профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Спикерлер ең өзекті мәселелерді эмоциялық күйзеліс, тәуелділік, дисфункционалды эмоциялар мен денсаулыққа байланысты проблемаларды шешу жолындағы технологиялар мен тәсілдермен бөлісті. Іс-шара соңында спикерлер мен қатысушылар тарапынан өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдар айтылды