Меню
1414 Маркази тамос
Комиссияи интихобӣ +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Телефони боварӣ +7 747 143 2632

Меморандумға қол қойылды

Меморандумға қол қойылды

ІІМ Қостанай академиясы мен Қостанай қаласы білім бөлімінің «С. Мәуленов атындағы гимназия» КММ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – оқушылар арасында құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ ерте кәсіби бағдарлау үшін жағдай жасау болып табылады.

Ынтымақтастық аясында тараптар бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда:

• оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне қызығушылығын дамыту;

• ішкі істер органдары қызметімен таныстыру арқылы кәсіби бағдар беру;

• тәрбиелік жұмысты жетілдіру және оқушылардың тұлғалық дамуына ықпал ету.

Бұл меморандум екі оқу орны арасындағы өзара байланысты нығайтуға және жас ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

bebf285a5d77a4e9de16142dc8fa91bbd1599ccc.jpeg
23 Окт 2025 15:00:00