Menýu
1414 Çagyryş merkezi
Telefon belgisi +7 747 143 2632

Республика күніне арналған мерекелік іс –шара

Республика күніне арналған мерекелік іс –шара

Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға академияның басшылығы, ардагерлер және жеке құрам қатысты. Қостанай академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов қатысушыларды ұлттық мереке — Республика күнімен құттықтап, бұл күннің еліміздің тарихындағы маңыздылығын атап өтті. Ол барша қызметкерлерге табыс пен игілік тіледі. Мерекелік іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал орындап, қоғамдық өмірге белсене атсалысқаны үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен бірқатар қызметкерлер мерзімінен бұрын арнаулы шеңдермен марапатталды. Сонымен қатар Академия қызметкерлеріне Министр атынан және Қостанай академиясы бастығының грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Салтанатты жиын мерекелік концертпен қорытындыланды. Концерт барысында Отанға арналған патриоттық әндер мен музыкалық композициялар орындалды

31d88ec03a21aef6e1bb5e902b3dbbf0badaab33.jpeg3d43ef0ee2a0b1654421ff901e82618659014272.jpegc380914cbafff47aa07dd2b666b0e106ea8ea30c.jpeg5ec9bf24626ffe95801df317aeea25c7dfbd1971.jpeg
25 okt 2025 16:00:00