Меню
1414 Чалуу борбору
Тандоо комиссиясы +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Ишеним телефону +7 747 143 2632

Қоян-қолтық ұрыстан Халықаралық турнир

Қоян-қолтық ұрыстан Халықаралық турнир

ІІМ Қостанай академиясында Қостанай академиясында белгілі спортшы, полиция майоры, әлем чемпионы және Қостанай жоғары милиция мектебінің түлегі Руслан Жұмағатұлы Мұқановты еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан Халықаралық турнир өтуде. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл жарысқа Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан ішкі істер академияларының өкілдері қатысып жатыр. Іс-шара аясында Қостанай академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлестері үшін шетелдік Академия басшыларына алғыс хаттар табыстады. Бұл турнир жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, елдер арасындағы достық байланысты нығайтуға бағытталған маңызды спорттық іс-шара болып табылады

b90a7b50692e10cadffae1f347c0ab4dfdda30b6.jpeg695e82ffdb6332569f16dbce9a5c581c1b80a007.jpeg
2025-ж., 3-ноя. 16:00:00