Екі күнге созылған қоян-қолтық ұрыс турнирі өз мәресіне жетті
Екі күнге созылған қоян-қолтық ұрыс турнирі өз мәресіне жетті
2025 ж. 04 қар., 17:00:00
2025 жылдың 1–2 қараша күндері полиция майоры Руслан Мұқановты еске алуға арналған XV халықаралық қоян-қолтық ұрыс турнирі өтті. Турнирге Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан өкілдері қатысты. Бұл додада Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Қостанай академиясы командалық есепте — II орынды иеленді.
Ал жекелей санатта:
1-орын:
Кенесбек Алинур - 57 кг.
2-орын:
Стащенко Михаил - 73 кг.
3-орын:
Жамалов Нұрсұлтан - 80 кг.
Кузенбек Агарыс - 88 кг.
Есалы Жомарт - 62 кг.
Екі күнге созылған турнир тартысқа, эмоцияға, жеңіс пен жеңіліске толы болды.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!