Menyu
1414 Qo'ng'iroqlar markazi
Ishonch telefoni +7 747 143 2632

«Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алды

«Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алды

ІІМ Қостанай академиясының офицерлері мен курсанттары полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алды. 2011 жылғы 12 қараша күні Тараз қаласында капитан Ғазиз Байтасов қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, бейбіт тұрғындарға қауіп төндірген террорист Мақсат Кариевті ұстау операциясына қатысты.

Ол өз өмірін құрбан етіп, террористі тоқтатып, гранатаны денесімен жауып, көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды.

Ғазиз Байтасовтың ерлігі — Отанға адалдықтың, батырлық пен қайсарлықтың айқын үлгісі.

Батыр есімі ел жадында мәңгі сақталады.

b3ffc13e1ef7d0b705c2c4215f336e154083a32a.jpegc07488b2cdb13a430c2927ed6e5937258cc615f1.jpeg
12-noy, 2025, 20:00:00