Menýu
1414 Çagyryş merkezi
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында тиімді коммуникация дағдылары мен бейбіт жиналыстар және өзге де наразылық акциялары кезінде конструктивті диалог құру тақырыбында тренинг өтті

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында тиімді коммуникация дағдылары мен бейбіт жиналыстар және өзге де наразылық акциялары кезінде конструктивті диалог құру тақырыбында тренинг өтті

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында тиімді коммуникация дағдылары мен бейбіт жиналыстар және өзге де наразылық акциялары кезінде конструктивті диалог құру тақырыбында тренинг өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы ІІМ қолдауымен және «Адам құқығы жөніндегі Хартия» ҚҚ ұйымдастыруымен өткізілді. Тренинг барысында қатысушылар бейбіт жиналыстар жағдайында ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтарымен өзара іс-қимыл жасауы бойынша өзекті мәселелерді талқылап, қоғамдық қауіпсіздікті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып қамтамасыз етуге қатысты заманауи тәсілдерді меңгерді. Сонымен қатар, ІІО қызметкерлеріне қажетті негізгі құзыреттер — диалог жүргізу, шиеленістің ушығуына жол бермеу, тиімді келісім жолдарын табу дағдыларына ерекше көңіл бөлінді.

Тренинг соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, тренер мәртебесі расталды. Қатысушылар «Ұлттық тренер» біліктілігін алып, республика көлемінде әріптестерді оқытуға мүмкіндік беретін жаңа деңгейге көтерілді. Бұл қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы конструктивті өзара әрекеттесу мәдениетін нығайтуға бағытталған, полиция қызметкерлерінің диалогқа негізделген гуманистік көзқарасын дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады.

deca03c01f2134afc255ce2654700102c3ce5e53.jpega46af4e64d9639a12c1df1f97cfe847f92a7fea7.jpeg
15 noý 2025 14:00:00