Қазақ киносының талантты актері Төлепберген Байсақаловпен кездесу
Академиямызда қазақ киносының талантты актері, халықаралық деңгейде танылған өнер иесі Байсақалов Төлепберген Тұрсынұлымен кездесу өтті.
Төлепберген Тұрсынұлы – 1974 жылы Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Михайловка ауылында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын және В. Хотиненко шеберханасындағы БМИК-ті тәмамдаған. Ол алғаш рет режиссер С.Нарымбетовтың «Ләйланың зары» фильмінде ойнаса, 2008 жылы Канн кинофестивалінде «Ерекше көзқарас» аталымы бойынша Гран-приді иеленген «Қызғалдақ» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған.
Кездесу барысында актер курсанттарға өзінің шығармашылық жолы, актерлік тәжірибесі туралы әңгімелеп, сахнада өзін ұстау мен дұрыс коммуникация орнатудың қыр-сырын түсіндірді. Сонымен қатар ол сахнада өзін ұстаудың және көркемдік бейнелеудің негізгі тәсілдерін көрсеткен актерлік шеберлік бойынша мастер-класс өткізді. Бұл қасиеттер – болашақ офицерлер үшін аса маңызды дағдылардың бірі. Курсанттар үшін әсерлі әрі мотивацияға толы кездесу болды.