«Битва умов» атты интеллектуалды ойын
Қостанай облысы бойынша «Жастар Рухы» қоры мен Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы бірлесіп ұйымдастырған «Битва умов» атты интеллектуалды ойын өтті. Іс-шара ЧелМУ-дың Қостанай филиалының конференция залында ұйымдастырылды. Интеллектуалды сайысқа өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждерінен барлығы 9 команда қатысты. Ойын барысында қатысушыларға логикалық, тарихи, мәдени сипаттағы тапсырмалар, сондай-ақ жалпы эрудицияны бағалауға бағытталған сұрақтар ұсынылды. Байқауға қатысушылар дайындықтың жоғары деңгейін, логикалық ойлауға деген ұмтылысты және командалық өзара іс-қимыл қабілетін көрсетті. Академия атынан қатысқан «Шырақбек ұрпақтары» командасы жоғары интеллектуалды белсенділік, ұйымшылдық және барлық кезеңдерде тұрақты нәтиже көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша команда II орынды иеленді, бұл – маңызды жетістік және қатысушылардың жоғары дайындық деңгейінің растауы болып табылады.
