Курсанттардың Академия ардагерлерімен кездесуі
Курсанттардың Академия ардагерлерімен кездесуі
11 Ноя 2025 14:00:00
ІІМ Қостанай академиясында Ішкі істер органдары ардагерлері күніне орай 1-курс курсанттары мен Академия ардагерлерінің кездесуі өтті. Ардагерлер жас курсанттармен өздерінің өмірлік және қызметтік тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды кеңестер айтты. Курсанттар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдады. Мұндай кездесулер — ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың айқын көрінісі. Өткеннің өнегесі мен бүгінгі ұрпақтың талпынысы тоғысқанда ғана нағыз кәсіби және рухани биіктікке жетуге болады.