Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Сенім телефоны +7 747 143 2632

«Цифрлық гигиена: интернетте өзіңізді қалай қорғауға болады» тақырыбында республикалық дәріс

«Цифрлық гигиена: интернетте өзіңізді қалай қорғауға болады» тақырыбында республикалық дәріс

ІІМ Қостанай академиясының акт залында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы экономикалық тергеу қызметінің полковнигі Тимур Төлегенұлы Хасановпен “Цифрлық гигиена: интернетте өзіңізді қалай қорғауға болады” тақырыбында республикалық дәріс.

Кездесу ойын элементтері мен қатысушыларға арналған сыйлықтармен интерактивті форматта өткізілді. Іс-шара барысында қызметкерлер мен курсанттар өздерінің жеке деректерін қорғау, киберқауіптерден аулақ болу және цифрлық кеңістікте өзін дұрыс ұстау туралы пайдалы ақпараттар алды. Сондай – ақ, олар AFM виртуалды офицерімен-Aidos интеллектуалды жүйесімен байланыс орнатудың бірегей мүмкіндігіне ие болды, ол Интернетті қорғау тәсілдері мен цифрлық қауіпсіздіктің өзекті қауіптері туралы әңгімеледі. Мұндай кездесулерді өткізу жастардың әртүрлі алаяқтыққа қарсы иммунитетін күшейтуге, сондай-ақ цифрлық және қаржылық қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді.

6262c5e30c13164dca6d05b39bb8293054e6baf6.jpeged271ef1e4e83e683a54bf3734b2a3956f7bebf9.jpeg8367973eef2e86d7a2c7688abeeff3bb7852611a.jpeg
2025 ж. 24 қар., 14:00:00