Menýu
1414 Çagyryş merkezi
Telefon belgisi +7 747 143 2632

Академия қызметкерлері «Үздік тыңдаушы» облыстық сайысына қатысты

Академия қызметкерлері «Үздік тыңдаушы» облыстық сайысына қатысты

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Үздік тыңдаушы» атты облыстық сайыс ұйымдастырды.

Аталған сайысқа жалпы заң пәндері кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Л.О. Хон және ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің ғылыми қызметкері, полиция капитаны О.В. Довгань қатысып, өздерінің тілге деген ынтасы мен білім деңгейін жоғары дәрежеде көрсетті.

Байқау үш кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Тарихты танимын» және «Шығармашылық орындау». Қатысушылар әр кезеңде тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, мемлекеттік тілге деген құрметі мен ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті.

Жоғары дайындық пен белсенділік танытқан Л.О. Хон мен О.В. Довгань сыннан сүрінбей өтіп, сайыстың бас жүлдесіне лайық деп танылды. Олардың бұл жетістігі – ұжым мерейін өсіріп қана қоймай, мемлекеттік тілді меңгеру жолындағы талпыныс пен еңбектің жарқын үлгісі болды.

986bc4e8056216879339397aa6ce2f46f76561e4.jpege42ccb242408b39b0b456ad3a22a02801e145292.jpeg
25 noý 2025 14:00:00