Menu
1414 Call Center
Helpline +7 747 143 2632

Академияда оқу-әдістемелік жиын өтті

Академияда оқу-әдістемелік жиын өтті

ІІМ Қостанай академиясында алғаш рет Қазақстанның ведомстволық жоғары оқу орындары арасында оқу-әдістемелік жиын өтті. Іс-шараның тақырыбы: “Қазіргі білім берудің тәжірибесі, мәселелері және даму перспективалары”. Семинардың негізгі мақсаты озық тәжірибемен алмасу, кадрларды кәсіби даярлау саласындағы өзекті сын-қатерлерді талқылау, сондай-ақ қазіргі заманғы талаптар жағдайында ведомстволық білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындау. Оған Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орындарының өкілдері және Академияның профессорлық - оқытушылар құрамы қатысты. Жиын барысында қатысушылар оқу процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін, әдістемелік инновацияларды, білім беруді цифрландыру және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін қарастырды.

19222e0508f60df260d98a8f9884f1bf1a66c680.jpeg36ab8ccd2b96d490809a1e4add7e652701acd10f.jpeg
Dec 27, 2025, 2:00:00 PM