Меню
1414 Чалуу борбору
Тандоо комиссиясы +7 701 190 82 94, +7 714 239 03 62
Ишеним телефону +7 747 143 2632

«Мамандығы бойынша үздік» республикалық байқау

«Мамандығы бойынша үздік» республикалық байқау

ІІМ Қостанай академиясында алғаш рет қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында «Мамандығы бойынша үздік» республикалық байқауы өтті. Конкурс Қазақстанда 13 желтоқсанда атап өтілетін ҚАЖ қызметкерлері күнін мерекелеуге орайластырылды. Қатысушылар еліміздің барлық аумақтық  ҚАЖД іріктеуден өткен үздік мамандар болды. Конкурс қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға, корпоративтік рухты нығайтуға және олардың заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі жұмысының маңыздылығын мойындауға бағытталған. Бағдарлама  бірнеше кезеңдерден: бейне түйіндеме ұсыну, эссе жазу, тестілік және ситуациялық есептерді шешу, дене шынықтыру нормативтерін тапсырудан тұрды. Конкурс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар ҚАЖ дамуына қосқан кәсіби күш-жігері мен үлесі үшін тану белгісі ретінде сертификаттарға ие болды. Қазылар алқасы «Мамандығы бойынша үздік» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

3-орынды Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы Нұргүл Мұратқызы Кәрімова;

3-орын Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс тобының бас маманы Тұрымұлы Абай;

2-орынды Астана қаласы бойынша ҚАЖД сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бас маманы Талапбаев Бағдат Шарафатұлы иеленді.

1-орынды және конкурс жеңімпазы атағын Қостанай облысы бойынша ҚАЖД №76 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы Дариға Мұратқызы Мұқанова жеңіп алды. Бірінші республикалық конкурсты өткізу ҚАЖ үшін маңызды оқиға болды.

6460601b2dc53ca77d4e320495ea1d41c6ca5f2f.jpegf856b501de435034496cda513c6e1f8e8a34fa2a.jpeg
2025-ж., 11-дек. 14:00:00