Практикалық сабақ өткізілді
Практикалық сабақ өткізілді
12 dek 2025 15:00:00
Үш ай бойы Қостанай облысы ТЖД мен Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы арасындағы ынтымақтастық аясында кәсіби даярлық факультетінің 3-курс курсанттары үшін теориялық және практикалық сабақтар жүргізілді. Бүгін қорытынды практикалық сабақ өткізілді. Сабаққа өрт сөндіруші-құтқарушылар, жүргізуші-қызметкерлер, фельдшерлер, психолог және басқа да мамандар қатысты. Іс-шараның мақсаты - курсанттардың төтенше жағдайларға ден қою, алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру. Мұндай жаттығулар болашақ мамандардың кәсіби дайындығын арттырып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтады.
Оқу аяқталғаннан кейін барлық курсанттарға сертификаттар табысталады.