2025 жылғы 1 қараша мен 2026 жылғы 3 қаңтар аралығында футзалдан QFL Қысқы біріншілігі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша академия құрама командасы QFL-дің Төртінші лигасында бірінші орынды иеленіп, чемпион атанды.
Спортшыларымыздың жоғары шеберлігі жекелеген марапаттармен де ерекшеленді: төрешілер алқасының шешімімен «Турнирдің үздік қақпашысы» номинациясын 2-курс курсанты Берік Әділ, ал «Турнирдің үздік ойыншысы» атағын 3-курс курсанты Сатыбалды Елнұр иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта спортта да, оқуда да толағай табыстар тілейміз!


