Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Сенім телефоны +7 714 239 09 19(1012)

Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» мәдениет үйінде Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшесі, ҚР Халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қостанай қаласының және Аманкелді ауданының Құрметті азаматы, белгілі әнші-композитор Қалибек Деріпсалдинді еске алуға арналған «Сағыныш сазы» атты рухани-мәдени кеш өтті.

Тағылымды кешке танымал ақын Серікбай Оспанов, республикалық және облыстық деңгейдегі мәдениет саласының өкілдері, ақындар, жазушылар мен сазгерлер қатысты. Сондай-ақ ҚР ІІМ Қостанай академиясының басшылығы мен білім алып жатқан курсанттар кеш қонағы болып, рухани азық алды.

Кеш барысында Қалибек Деріпсалдиннің жүрекке жетер әндері мен өлеңдері орындалып, өнерсүйер қауым әсем әуеннің құдіретіне тағы бір мәрте куә болды. 

4878f383e280063be6d1f2e7863374ab9494be51.jpege5fdc1b8a08013a1830e4b88b36f9c502118c306.jpeg3a531aaa5e18883823ccb966ccdc4384a520b4cc.jpeg
2026 ж. 29 қаң., 17:00:00