«Жас қолдаушы» жастар форумы
Академия курсанттары «Заң және тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында өткен «Жас қолдаушы» жастар форумына қатысты. Аталған форумға облыстың колледждері мен жоғары оқу орындарынан шамамен 1000 студент жиналды.
Форум жастар арасында жауапкершілік, заңға бағыну және белсенді азаматтық ұстаным сияқты құндылықтарды насихаттайтын ашық пікір алмасу алаңына айналды. Іс-шараның ерекше қонақтары - қазақстандық «Патруль» телехикаясының актерлері Медет Аманбаев пен Еділ Анарбай болды. Олар жастарға саналы таңдау жасаудың маңызын, заңды сақтаудың қажеттілігін жеткізіп, өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ өзін-өзі дамытуға және қоғам өміріне белсенді араласуға шақырды.
Осындай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғам мен жас буын арасындағы сенімді нығайта отырып, жауапты әрі бейжай қарамайтын азамат болып қалыптасуына ықпал етеді
