Menýu
1414 Çagyryş merkezi
Телефон доверия +7 714 39 09 19(1012)

Академияның құрметті қонақтары

Академияның құрметті қонақтары

10 жылдан астам уақыт бойы көрерменнің ыстық ықыласына ие болып келе жатқан «Патруль» сериалының сүйікті актерлері Қостанай академиясына арнайы келді.

Кездесу еркін форматта өтіп, танымал өнер иелері курсанттар мен академия қызметкерлерімен ашық сұхбат құрды, шығармашылық жолы мен өмірлік тәжірибесі, пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Полиция қызметі — бұл тек форма емес, күн сайынғы күрделі таңдау.

«Патруль» фильмі осы қызметтің шынайы болмысын көрсетеді.

Ал басты мақсат өзгермейді — заң мен тәртіп, ел тыныштығы, азамат қауіпсіздігі.

Іс-шарадан кейін қонақтар академия аумағымен танысып, киберқауіпсіздік кафедрасында заманауи симуляторлар арқылы жүргізілетін тәжірибелік жұмыстарды өз көздерімен көріп, өздерін де сынап көрді.

Сондай-ақ нағыз курсанттық асханадан дәм татып, оқу орнының күнделікті тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты.

30 ýan 2026 15:00:00