Ағымдағы жылдың 2 ақпаны күндері педагогика және психология кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Айнур Тулеубекқызы Саламатова Алматы қаласының білім басқармасының № 78 орыс және № 198 қазақ мектеп - гимназияларында 10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу жүргізді. Кездесу барысында мектеп оқушыларына Академияға оқуға түсу талаптары, дене шынықтыру даярлығы бойынша тапсырлатын нормативтердің жүйелілігі түсіндірілді және де оқушыларды қызықтырылған сұрақтарына жауап берді.

