Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті және Қостанай академиясының арасындағы ынтымақтастық жобасы аясында 2-курс курсанттары үшін «Жол көлік оқиғасы кезіндегі адамдарды құтқару және өзін-өзі құтқару әдістері» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді. Практикалық сабақ барысында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы. Дмитрий Алексейұлы Лабазов қолмен және механикаландырылған құралдармен деблокировка жасау тәсілдерін көрсетті.


