Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының бастығы
Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының бастығы
28 Янв 2026 17:00:00
Қостанай қаласы білім бөлімінің М. Хәкімжанова атындағы №20 мектебінің 4 «Б» сынып оқушылары үшін «Заң мен тәртіп» айлығы аясында тәрбиелік сағат өткізілді. Іс-шараға ата-ана ретінде ақпараттық саясат бөлімшесінің инспекторы О. Уақпаева және кәсіби даярлық факультетінің 3-курс курсанты А. Жанатбек қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға «заң» және «тәртіп» ұғымдары кеңінен түсіндіріліп, құқықтық тәрбие берілді. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік ережелерін орындау және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде маңызды мәліметтер ұсынылды. Өткізілген іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдық ортада тәртіпті және заңдарды сақтауға бағытталды.