Меню
1414 Чалуу борбору
Тандоо комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

«Біз жастарға сенеміз!» Қазақстандық жастар күніне арналған кездесу кеші.

«Біз жастарға сенеміз!» Қазақстандық жастар күніне арналған кездесу кеші.

Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде Қазақстандық жастар күніне арналған «Біз жастарға сенеміз!» атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға ІІМ  Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының КДФ 2 курс курсанттары және топ кураторы полиция майоры Ш.Кабжанова қатысты. Кездесудің мақсаты - жастарды шабыттандыру, олардың әлеуетіне сенім арту және табысты тұлғалардың өмірлік тәжірибесімен бөлісу. Кеш қонақтары қатарында Қостанай облысының «Жастардың Алтын кітабының» лауреаты, IT және технологиялық кәсіпкерлік саласының өкілі Д.Мнайдаров, парапауэрлифтингтен жастар арасындағы әлем чемпионы Ф.Мутунов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Д.Царенко, сондай-ақ кәсіпқой бокстан WBC және WBO нұсқалары бойынша Азия чемпионы Т.Әміров болды. Спикерлер жетістікке жету жолы, өмірлік ұстанымдары мен қиындықтарды еңсеру тәжірибесі туралы ой бөлісті. Диалог форматындағы кездесу жастардың қызығушылығын арттырып, мотивациялық мазмұнымен ерекшеленді. Іс-шара соңында мұндай кездесулер жастардың рухын көтеріп, болашаққа сенімін нығайтады деген ой айтылды. Қазақстан жастары - ел болашағы мен қоғамның басты қозғаушы күші.

0b802aaa7a966772e3fa201555d7f55f87291a79.jpeg
2026-ж., 10-фев. 14:00:00