Menýu
1414 Çagyryş merkezi
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

Спорт шебері Мәлік Мұхамедярұлымен кездесу

Спорт шебері Мәлік Мұхамедярұлымен кездесу

Академия курсанттары мен тыңдаушылары үшін Мәлік Мұхамедярұлы Байсұлтановпен кездесу ұйымдастырылды. Ол — джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жауынгерлік самбодан спорт шебері, Әлем кубогының чемпионы және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшісі.

Кездесу еркін әрі интерактивті форматта өтті. Қонақ өзінің спорттағы жолы, жетістікке жету жолындағы қиындықтар мен тәжірибесі туралы әңгімелеп, тәртіптің, табандылықтың және үздіксіз еңбектің маңыздылығына ерекше тоқталды. Курсанттар әскери қызмет пен спортты қатар алып жүру, жарыстарға дайындық барысы және халықаралық додалардың ерекшеліктері жөнінде өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

Кездесудің тәжірибелік бөлімінде Мәлік Мұхамедярұлы бірнеше тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетіп, олардың техникалық және тактикалық қырларын түсіндіріп берді. Бұл курсанттар үшін тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.

3d49aaec90158bbc5ab10a2d62ea33a3f9961d6d.jpeg
25 few 2026 17:00:00