Курсанттармен тренинг өткізілді
Курсанттармен тренинг өткізілді

25-fev, 2026, 17:00:00
Гибридті ортадағы командалық жұмыс: адам + цифрлық технологиялар + ЖИ» тақырыбы аясында Ардагерлер кеңесі инспектор-психологтармен бірлесіп, курсанттарға арналған цифрлық өзгерістер жағдайындағы тиімді іс-қимылға бағытталған тренинг өткізді. Қатысушылар адам мен зияткерлік жүйелер арасындағы рөлдерді бөлу ерекшеліктерін, сондай-ақ ЖИ құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі коммуникация дағдылары мен сыни ойлауды дамыту мәселелерін талқылады. Сабақтың практикалық бөлімі заманауи цифрлық технологияларға сүйене отырып, шешім қабылдауды талап ететін қызметтік жағдайларды модельдеуді қамтыды.
