Меню
1414 Чалуу борбору
Тандоо комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

Екі апталық курстар аяқталды

Екі апталық курстар аяқталды

Бүгін патрульдік полиция және жол қауіпсіздігі бөлімшелерінің қызметкерлеріне арналған «Ішкі істер органдарының қызметіндегі ҰҰА операторы» тақырыбы бойынша екі апталық біліктілікті арттыру курстары аяқталды.

Оқу барысында тыңдаушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданудың теориялық негіздерін, оларды пайдаланудың нормативтік-құқықтық реттелуін, пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ қызметтік іс-әрекетте ҰҰА қолдану тактикасын меңгерді. Практикалық сабақтарға ерекше көңіл бөлінді: дронды басқару, әуеден бақылау жүргізу, құқық бұзушылықтарды тіркеу, жол жағдайын мониторингтеу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.

Алынған білім мен дағдылар қызметкерлерге заманауи технологияларды қызмет барысында тиімді пайдалануға, құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға және жолдар мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
 

d5478c6e7f04471dedb51140779c4b3af9c6ead4.jpeg
2026-ж., 28-фев. 14:00:00