Психологтарға арналған семинар
Психологтарға арналған семинар
2026-ж., 5-мар. 14:00:00
ІІМ Қостанай академиясында Қостанай облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінің психологтарына «ҚАЖ қызметкерлерінің жұмысына жасанды интеллектті қолданудың психологиялық аспектілері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – психолог жұмысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және дәстүрлі жұмыс әдістерін сақтай отырып, оларды өзара үйлестіру. Екі бағыт арасындағы тепе-теңдікті сақтау – бүгінгі заманның маңызды талабы.