«Ел деп соққан ер жүрек» тақырыптық кеш
ІІМ Қостанай академиясында «Әдебиет толқынында» әдеби клубының ұйымдастыруымен Шырақбек Қабылбаевтың туған күніне арналған «Ел деп соққан ер жүрек» атты тақырыптық кеш өтті. Іс-шара алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына арналды. Кеш барысында генералдың өмір жолы мен қызметі туралы деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ әсерлі күй орындалып, «Туған жер» әні шырқалды. Курсантардың Шырақбек Қабылбаев туралы және өздерінің альма-матері – Қостанай академиясы жайында жазған авторлық өлеңдері кештің мазмұнын байыта түсті. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын аңызға айналған генералдың өмірі мен қызмет жолының негізгі кезеңдеріне арналған интеллектуалдық ойын-викторина тудырды. Тағылымға толы бұл кеш тыңдаушыларға таңдаған мамандықтарының мәні мен маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берген мазмұнды кездесу болды.
