Меню
1414 Чалуу борбору
Тандоо комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Ишеним телефону +7 714 239 09 19(1012)

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні!

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ІІМ Қостанай академиясында нәзік аруларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оқу орнының ер азаматтары академияда қызмет ететін  барша әйелдер қауымына ерекше құрмет көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік жиында Академия бастығы, полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов нәзік жандарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың қоғамдағы және құқық қорғау саласындағы маңызды рөлін атап өтті. Салтанатты шара барысында қызметте үздік нәтижелер көрсеткен ару қызметкерлер марапатталды. Кештің көркін Академияның ер азаматтарымен ұйымдастырылған концертте әсем әндер шырқалып, дәстүрге сай гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды.
 

f3e73d275606e30c4adfda2a8e0a8c9ee68f694e.jpegc93b277c64b6a18e0671a07aab983e043fc47f81.jpeg69dbeb02967776909f53ad598cf2481490b535af.jpeg
2026-ж., 8-мар. 14:00:00