«Көрісу күні – Амал мерекесі»
«Көрісу күні – Амал мерекесі»
14-mar, 2026, 16:00:00
Көрісу күні – Амал мерекесі қарсаңында Академия ардагері Эсов Бауржан Кашкеновичтің шаңырағына арнайы барып, амандасып қайттық. Бұл күн – бір-бірімізбен көрісіп, жүрекжарды тілектер айтып, үлкендерге құрмет көрсететін ерекше дәстүрлі мереке. Кездесу барысында Бауржан Кашкеновичке Ардагерлер қоғамының жұмысына қосқан зор үлесі мен белсенді қызметі үшін арнайы медаль табысталды. Бұл марапат – оның көп жылғы еңбегі мен қоғамға сіңірген үлесінің айқын көрінісі.
Құрметті Бауржан Кашкеновичке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тілейміз. Ұрпаққа үлгі болар еңбегіңіз әрдайым бағаланып, мерейіңіз үстем бола берсін!