Меню
1414 Маркази тамос
Комиссияи интихобӣ +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефони боварӣ +7 714 239 09 19(1012)

Академияда салтанатты іс-шара өтті

Академияда салтанатты іс-шара өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында Академияда ерекше әрі маңызды оқиға өтті. Кезекті алғашқы даярлық курстарының тыңдаушыларына сертификаттар табысталып, ел тыныштығы мен заң үстемдігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің жаңа легі ресми түрде сапқа қосылды. Бұл - үлкен жауапкершілік пен абыройлы жолдың бастауы. Әрбір жас маманға қызметтерінде табыс, ел игілігі жолында адал еңбек тілейміз. Сонымен қатар, салтанатты іс-шара барысында Академияның бірқатар қызметкерлері өздерінің мінсіз қызметі мен кәсіби біліктілігі үшін марапатталып, кезекті шендер мен «Мінсіз қызметі үшін» медальдарына ие болды.

Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Береке мен бірлік, ырыс пен табыс әр шаңыраққа орнасын!

d58076e1fd6873405bb7260a2da1b176003f9fc4.jpege02b2a37ad613596addb5a5b7b2a0ac49400baca.jpeg76ae6bf32b9448292c6584ebbb02438b26e917ef.jpeg
20 Мар 2026 14:00:00