Menu
1414 Call Center

Конструктивті диалог: дөңгелек үстелде не туралы айтылды

Конструктивті диалог: дөңгелек үстелде не туралы айтылды

Академия мен Әскери прокуратура арасындағы бірлескен ынтымақтастық жоспары аясында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы маңызды іс-шара — «Әскери қызмет жағдайындағы қылмыстық процестің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді. Сындарлы диалогқа өңірдегі күштік құрылымдардың жетекші сарапшылары мен басшылары -Қостанай гарнизонының Әскери прокуроры, әділет полковнигі Е.А. Ельмухамбетов,ҰҚК әскери полиция бөлімінің бастығы, полковник Е.А. Жусипов, ІІМ Әскери-тергеу басқармасының ерекше маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, әділет полковнигі Б.К. Кустаев, Гарнизондық әскери полиция мен 6697 әскери бөлімінің өкілдері майор Ж.Д. Даулетов және С.И. Белгибаев қатысты. Дөңгелек үстел барысында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ерекшеліктері және қызметкерлер мен әскери қызметшілердің практикалық қызметіндегі ең өзекті мәселелер қозғалды. Мұндай кездесулер қызметкерлерге одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін тәжірибе жинақтауға және кәсіби дағдылармен алмасуға мүмкіндік береді.

295b32de0fb453d30f1a03996b13dccc255d1278.jpeg
Mar 23, 2026, 2:00:00 PM