Халықаралық ғылыми конференция
Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында онлайн режимінде шетелдік қонақтардың қатысуымен жас ғалымдар, магистранттар мен докторантардың «Қабылбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференция барысында ІІО дамуының өзекті мәселелері қаралды. Конференция қатысушыларына Академия бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор ,полиция генерал-майоры, Ақынқали Дәуітбайұлы Дәрменов құттықтау сөз сөйлеп, ғылыми талқылаудың жемісті болуын тіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Судьясы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев және Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан жоғары оқу орындарының өкілдері құттықтау сөздер сөйледі. Ең өзекті және үздік баяндамалар граматолар және дипломдармен марапатталды.


