Menýu
1414 Çagyryş merkezi
Telefon belgisi +7 714 239 09 19(1012)

Курсанттар үшін дәріс сабағы

Курсанттар үшін дәріс сабағы

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында, Ұлттық олимпиада қарсаңында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының  2 және 3 курс курсанттарына «Жасанды интеллекттің көлеңкелі жағы» тақырыбында дәріс өткізді. Іс- шара құқықтық сауаттылықты арттыруға және жасанды интеллектті заңсыз қызметте пайдалану тәуекелдерін, соның ішінде киберқылмыстар мен қаржылық алаяқтықты түсіндіруге бағытталды. Дәріс барысында курсанттарға жасанды интеллектті қолдануға байланысты негізгі қауіптер түсіндіріліп, оларды анықтау және алдын алу бойынша ұсынымдар берілді. Департамент жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмысты жалғастырады.

173cb2875e538f0c841feb7652bb6a5962d87eca.jpeg728f3ffe62dc7533592adab929e447f443166911.jpeg
1 apr 2026 17:00:00